Жалпы жиналыс

Достастық мүшелерінің жалпы жиналысы - Достастықтың жоғарғы басқару органы.

Достастық мүшелерінің жалпы жиналысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады.

Достастық мүшелерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар адамдардың тізімі мүшелер тізілімінің деректері негізінде жасалады.

Достастық мүшелерінің жалпы жиналысының құзыреті Достастық Жарғысында және мүшелердің жалпы жиналысы туралы ережеде қамтылған.