Достастық туралы

Қазақстан бағалаушылар Достастығы қазақстандық бағалаушылардың бастамасы бойынша 2019 жылы құрылып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізіліміне 2020 жылғы 01 Қаңтарда енгізілді.

Достастық бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде өз қызметін 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастайды.

Біздің бірлескен міндетіміз - біздің мамандығымызды дамытуға және консалтингтік қызметтер нарығындағы позициямызды нығайтуға бірігу және жәрдемдесу.

Достастықты құрудың мақсаты оның мүшелерінің азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, бағалаушылардың біліктілігін арттыру, кәсіби мүдделерін қанағаттандыру және ұлттық және халықаралық нормалар негізінде бағалау қызметін одан әрі жетілдіруге жәрдемдесу, сондай-ақ оның мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Достастық бағыттары:

• бағалау қызметі бойынша халықаралық стандарттарды, есептерді және әдістемелік нұсқаулықтарды зерделеуді, енгізуді және таратуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

• бағалаушыларды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге жәрдемдесу, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;

• бағалаушылардың қызметін және Қазақстандағы бағалау қызметінің даму үрдістерін зерделеу, қорыту және талдау;

• Палата мүшелерінің бағалау қызметін жүзеге асырудың негіздері мен шарттарын сақтауына жәрдемдесу;

• бағалаушылар ұйымдарымен, халықаралық бағалаушылар ұйымдарымен және өзге де кәсіби бірлестіктермен байланыс орнату және қолдау;

• бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

• нормативтік құқықтық актілердің бағалау қызметіне әсерін тәуелсіз құқықтық сараптау;

• Достастық мүшелеріне кәсіби қызметін жетілдіруде ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету;

• Достастық мүшелеріне бағалау қызметі саласындағы Достастық мүшелерінің, қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін, шағымдарын қарау;

• және тағы басқа.