Достастық, Заңның 22-бабының 1-тармағында белгіленген талаптар шеңберінде палата мүшелерінің заң талаптарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларын, сондай-ақ бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдеп кодексін, палатаға мүшелік шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Тексеру үшін негіз:
- бағалаушылар палатасына келіп түскен өтініш:
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілмейтін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілетін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Бағалаушылар палатасының мүшелеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру, жүргізу және жүгінімдерді қарау тәртібін бағалаушылар палатасы белгілейді.