Бағалау туралы есепке сараптама тапсырыс берушінің және (немесе) бағалау туралы есепке дау айтатын үшінші тұлғаның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Бағалау туралы есепті сараптау бағалау туралы есепті сараптауға бастамашы болған Тараптың есебінен жүргізіледі.
Бағалау туралы есепті сараптау бағалау туралы есепке дауласушы тұлға мен бағалаушылар палатасы арасындағы шарт негізінде жүргізіледі.