Адамдардың көпшілігі, күн сайын сатып алу жасай отырып, сондай-ақ әр түрлі қызметтермен пайдалана отырып, сол тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде бөлшек сатып алу-сату мәмілелері тараптардың біріне айналатыны туралы мүлде ойланбайды. Осы мақалада біз тұтыну құқықтары мен мүдделері туралы әңгімелейміз. Ұйымдармен жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге шарт жасасқанда көрсетілетін қызметті берушімен күтпеген даулар жағдайына тұтыну құқықтары туралы әрқашан есте сақтау керек. Тұтынушының заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін елеулі мүмкіндіктері бар. Мұндай жағдайларда сатушымен қарым-қатынас "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңымен реттеледі.
- Тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;
- Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
- Қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
- Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
- Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
- Тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
- Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
- Сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;
- Ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
- Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
- Моральдық зиянды өтетуге;
- Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
- Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:
- тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
- сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
- өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
- туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу;
- төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу;
- сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
- сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
- тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
- сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
- сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
- егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
- міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;
- тұтынушылардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.
Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.
Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.
Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушының арасында жасалған тауарды сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету туралы кез келген шарт оларды түсіну үшін арнайы білімді қажет етпейтін, нақты тұжырымдалған және екіұшты түсіндіруді болғызбайтын талаптарды қамтуға тиіс.
Осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға мен тапсырыс берушi арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалау жүргiзу үшін негiз болып табылады.
Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орындауға мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.
Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлім) өтелмелi қызмет көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.
Бағалау жүргізу шартында:
1) тараптардың деректемелері:
жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері (пошталық мекенжайы);
заңды тұлға, оның ішінде бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға үшін – атауы, орналасқан жері (заңды мекенжайы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері;
2) бағалау объектісінің атауы және (немесе) орналасқан жері, бағалау объектісінің түрі;
3) бағалау объектісінің сипаттамасы;
4) бағалау объектісінің құнын айқындау күні;
5) бағалау жүргізу мақсаты;
6) бағалаудың түрі;
7) айқындалатын құнның түрі;
8) бағалау жүргізудің мерзімдері;
9) бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандартына нұсқау;
10) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі мен мөлшері;
11) тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;
12) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау жүргізу шартын жасасу құқығын беретін өзге де негіздер;
13) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің деректемелері (куәлікті берген бағалаушылар палатасы көрсетіле отырып, оның нөмірі мен берілген күні);
14) тапсырыс берушінің бағалаушының немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігі мәселелерін сотқа дейін реттеу құқығы;
15) бағалаушының немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
16) осы Заңда көзделмеген өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
Бағалау туралы есеп бағалау жүргізуге арналған шартты орындау нәтижесі болып табылады.
Бағалау жүргізгені үшін ақы төлеу мөлшері бағалау объектісінің айқындалатын құнына пайыздық қатынаста көрсетіле алмайды.