Содастық бағалау қызметі саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бағалаушылар палатасының мүшелерінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Шағымдар мен өтініштер комитеті жеке және заңды тұлғалардың бағалаушылар палатасының мүшелерінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы өтініштерін Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңның талаптарын, бағалаушылар палатасының стандарттары мен ережелерін бұзуға қатысты өтініштерді қарау талаптарына сәйкес қарайды. Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №487 бұйрығымен бекітілген.
Жеке және заңды тұлғалардың бағалаушылар палатасының мүшелерінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы өтініштерін қарау нәтижесінде, Шағымдар мен өтініштер комитеті фактілердің расталғанын немесе расталмағанын шешеді.
Егер фактілер расталса, іс материалдары әрекет ету шараларын қабылдау үшін Дисциплинарлық кеңеске жіберіледі. Содан кейін Дисциплинарлық кеңес іс материалдарын Сапаны бақылау кеңесіне жібереді, бағалаушы қызметін бақылауды күшейту және біліктілікті арттыру бойынша тиісті шараларды өткізу үшін Оқыту, біліктілікті арттыру және әдістеме комитетімен бірлесе жұмыс жүргізеді.