Бағалаушы және сарапшы кандидаттарына

"Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырады.

"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті алу үшін өткізілетін біліктілік емтиханына:

- "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі бар

- бағалаушылар палатасы бекіткен бағдарламаға сәйкес және сағаттар көлемінде оқытудан немесе қайта даярлаудан

- сондай-ақ бағалаушыда кемінде бір жыл мерзімде тағылымдамадан өткен,

жеке тұлғалар жіберіледі.

Бағалаушыға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы мен сағаттар көлемі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік бағдарламаға сәйкес келуге тиіс.

"Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті алу үшін өткізілетін біліктілік емтиханына бағалаушылар жіберіледі.

Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда адамдар біліктілік емтиханына жіберілмейді.

Бағалаушылар палатасы адамға біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Бағалаушылар мен сарапшыларға үміткерлер келесі бөлімдер бойынша оқытылады:

«Жылжымалы мүлікті бағалау» мамандығы бойынша:

- Жалпы пәндер - 30 сағат

- Бағалаушыларға арналған мамандандықтар блогы: жылжымалы мүлікті бағалау – 50 сағат

«Жылжымайтын мүлікті бағалау» мамандығы бойынша:

- Жалпы пәндер - 30 сағат

- Бағалаушыларға арналған мамандандықтар блогы: жылжымайтын мүлікті бағалау – 40 сағат

«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын, бизнесті бағалау және бизнестің қатысу құқығын бағалау» мамандығы бойынша:

- Жалпы пәндер - 30 сағат

- Бағалаушыларға арналған мамандандықтар блогы: зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құны – 40 сағат

- Бағалаушыларға арналған мамандандықтар блогы: бизнесті және бизнеске қатысу құқықтарын бағалау – 40 сағат

 "Сарапшы үшін мамандық" модулі: 

- Жалпы пәндер - 30 сағат

- Сарапшыға арналған мамандық – 20 сағат