Біліктілік емтиханы

Біліктілік емтиханы жазбаша нысанда жүргізіледі.

Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар куәліктің нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген "бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алады.

"Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы шешімдер бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі.

Біліктілік емтиханға рұқсат алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №517 бұйрығымен бекітілген Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

(выделенный синим – туда загружается ссылка для скачивания заявления)

Өтініш пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, не қолға тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).

Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жоғары білім туралы диплом көшірмесін ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) үміткердің бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағаттардың көлемінде оқу немесе қайта даярлаудан өтуін растайтын құжаттар;

4) тағылымдаманы растайтын құжаттар ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді).

Кандидаттың өтінімі мен құжаттарын бағалау палатасы құрған біліктілік комиссиясының жұмыс органы олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Құжаттары қойылатын талаптарға сәйкес келетін кандидаттарға бағалаушылар палатасы шешімінің негізінде біліктілік емтиханынан өтуге рұқсат беріледі, олар кандидаттарға емтихан өткізілетін күнге дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Біліктілік емтиханынан өту үшін тіркелген үміткерлер тізімдері бағалаушылар палатасының интернет-ресурсына орналастырылады.

Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды тиісінше ұсынбаған жағдайда біліктілік емтиханына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, не қолға тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі) бағалаушылар палатасы үміткерге өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.