«Қазақстан Бағалаушылар Достастығы» Өзін-өзі реттейтін ұйым» Бағалаушылар палатасы мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысында мынадай мәселелер (күн тәртібі) қаралатын болады:
1) Достастыққа мүшелік туралы ережені бекіту;
2) Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
3) Басқарма мүшесі — Мәдина Жанысқызы Сәрсенбекованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы (өз бастамасы бойынша);
4) Басқарма мүшесін сайлау туралы-1 адам.
Достастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу күні:
2026 жылғы 14 қаңтар.
Бюллетеньдерді қабылдаудың басталу уақыты — 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 14.00.
Бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу уақыты — 2026 жылғы 16 қаңтар сағат 14.00 (бюллетеньдерді қабылдау басталған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін).
Өткізу нысаны — ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, сырттай қатысу. Дауыс беру нысаны – бюллетеньдерді толтыру арқылы немесе ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс құралдарын (дауыс беру бағдарламалары және т.б.) пайдалану арқылы.
Бюллетеньдерді Достастық мүшелері Достастықтың электрондық мекенжайына жібереді – palata2020@bk.ru, бюллетеньдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін.
Материалдар Достастық сайтында орналастырылады.
Басқарма мүшесін сайлауға қатысуға ниет білдірген Достастық қатысушылары-2026 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде түйіндеме мен өзге де материалдарды қоса бере отырып, Достастыққа өтініш береді.
Достастықтың барлық қатысушыларынан белсенді қатысуын сұраймыз!